Close Menu
Ұлағатты ұстазҰлағатты ұстаз
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Ашық сабақтар
  • Ғылыми жобалар
  • Баяндамалар
  • Эссе
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Байланыс
  • Біз туралы
Facebook Instagram WhatsApp Telegram
Ұлағатты ұстазҰлағатты ұстаз
Журнал PDF
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Ашық сабақтар
  • Ғылыми жобалар
  • Баяндамалар
  • Эссе
Ұлағатты ұстазҰлағатты ұстаз
Home»Ашық сабақтар»Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті
Ашық сабақтар

Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

17.01.2026

Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаз оқушыларды марапаттады. Биыл олимпиадаға математика, физика және информатика пәндерінен барлығы 612 оқушы мен 122 команда жетекшісі қатысты. Сайыскерлер әлемнің 16 елінен жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар.

Олимпиада екі турдан тұрды. Тапсырмалар мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкестендірілді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының құрамында халықаралық деңгейде мойындалған мамандар бар, ал төрағасы – ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстан үшін техникалық интеллегенцияны құрылымдау өте маңызды, тіпті стратегиялық қажеттілік деген болатын. Ал техникалық интеллегенция – инновациялардың, жаңа технологиялардың және өнімділіктің драйвері бола алады. Сіздер білім сайысында математика, физика және информатика пәндерінен терең білімдеріңізді көрсетіп, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттеріңізді шыңдадыңыңздар. Көптің арасынан суырылып алға шықтыңыздар. Сіздер – еліміздің келешек техникалық интеллегенциясының негізін құрайтын мақтанышысыздар. Бүгінгі алған жүлделеріңіз – Қазақстанның ертеңіне қосқан үлестеріңіз», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Биылғы олимпиада қорытындысы бойынша 70 оқушы алтын, 96 оқушы күміс, 158 оқушы қола медаль иеленді. Интеллектуалдық сайыс аясында барлығы 324 медаль сарапқа салынды. Сонымен қатар, жоғары нәтиже көрсеткен командалардың жетістіктері де арнайы аталып өтті.

Биыл «Абсолютті жеңімпаз команда» атағын Румыниядан келген Бухарест қаласындағы Халықаралық компьютерлік мектебінің командасы жеңіп алды. Бірінші орын мен «Үздік олимпиадалық команда» атағы Ресейдің В.Ф. Овчинников атындағы «Екінші мектеп» лицейіне бұйырды. Екінші орынды Ресейдің Капица атындағы Физтех-лицейі мен «Воробьёвы горы» командалары иеленді. Үшінші орынды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (Қазақстан), София математика мектебінің (Болгария) және Ресейдің №239 Президенттік физика-математика лицейінің командалары олжалады.

Сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылардың қоржынында 132 медаль бар. Олардың 28-і алтын, 35-і күміс және 69-ы қола медаль. Бұдан бөлек, еліміздің жоғары оқу орындарынан жеңімпаздарға ректорлық гранттар берілді.

Білім
Share. Facebook Twitter Email Telegram WhatsApp

Оқи отырыңыз...

Біліктілікті арттыру курс бағдарламаларын қоғамда талдау

17.01.2026

Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы басталды

17.01.2026

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер де онлайн жұмыс істей ала ма?

17.01.2026
Соңғы ақпараттар

Біліктілікті арттыру курс бағдарламаларын қоғамда талдау

17.01.202639

Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

17.01.20268

Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы басталды

17.01.20267

Қазақстандық оқушылар Америкадағы олимпиадада жеңімпаз атанды

17.01.20266

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер де онлайн жұмыс істей ала ма?

17.01.20264
Facebook Instagram WhatsApp Telegram
  • Байланыс
  • Біз туралы
© 2020-2026 / Ұлағатты ұстаз —Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал ресми сайты

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.