Біліктілікті арттыру курстары — білім сапасын көтерудің негізгі тетіктерінің бірі. Сондықтан олардың мазмұнын қоғамда талқылау ашықтықты, сапаны және сенімді арттырады. БҰЙРЫҚ №175 ПРОТОКОЛ №175 Шағын жинақталған мектеп Цифрлық білім беру және IT 5 Тіл және әдебиет 2 Техникалық және кәсіптік бағдар 3 Өнер және мәдениет 6 МАТЕМАТИКА Математика және жаратылыстану 1 Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын Қашықтан оқыту Қоғамдық-гуманитарлық сала 7 Дене шынықтыру және спорт 4 «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»
Автор: uu_admin
Қазақстанда 8 қаңтардан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуда. Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған. Айлық аясында заң нормаларын түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпараттандыру бағытында білім беру ұйымдарында түрлі кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады. Өткізілетін шаралар барысында уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге білім алушыларға құқық бұзушылық түрлері мен оған қатысты жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қоғамда құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін нығайту…
Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаз оқушыларды марапаттады. Биыл олимпиадаға математика, физика және информатика пәндерінен барлығы 612 оқушы мен 122 команда жетекшісі қатысты. Сайыскерлер әлемнің 16 елінен жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар. Олимпиада екі турдан тұрды. Тапсырмалар мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкестендірілді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының құрамында халықаралық деңгейде мойындалған мамандар бар, ал төрағасы – ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстан үшін техникалық…
Ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған жағдайда педагогтер де мектепке келмей, қашықтан жұмыс істеуіне болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес, жұмыстың орындалатын орны еңбек шартында көрсетіледі (әдетте білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы жазылады). Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес, еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, олар қосымша келісім жасау арқылы жазбаша түрде рәсімделеді, — деп түсіндірді Білім кәсіподағы. Яғни жұмыс беруші мен жұмыскердің өзара келісімі болған жағдайда, еңбек шартына жасалатын қосымша келісімде мынадай мазмұндағы тармақты енгізуге болады: қашықтан жұмыс істеу кезеңінде жұмыскердің жұмыстың орындалатын орны белгіленеді (үй мекенжайы көрсетіледі). Қашықтан…
Халықаралық NeoScience Olympiad және Coding Olympiad Grand Final сайысы АҚШ-тың Майами–Орландо (Флорида штаты) қалаларында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Аталған халықаралық жарысқа елімізден 17 оқушы қатысты. 22 елден 400-ге жуық оқушы бақ сынаған халықаралық олимпиадада оқушыларымыз топ жарды. Олимпиадаға іріктеу онлайн өткізілді. Main Team Organisation ұйымдастыруымен, АҚШ елінде финал болды. Елімізден барған команда ерекше белсенділік танытты. Жүлделі орындар иемденіп, Қазақстанның абыройын халықаралық деңгейде асқақтатты. Айта кетейік, Neo Science and Coding Olympiads — оқушылар мен жастардың ғылым, технология және бағдарламалау салаларына қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған заманауи халықаралық олимпиада. Ол XXI ғасырдың талаптарына сай, яғни STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағыттарын дамыту үшін…
